91 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқан үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.
Тестілеуге кіргізу барысында 1 түлекте жоғары температура анықталды, ол ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады. Жалпы, Ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеу қалыпты режимде өтті.