Президент • 10 Шілде, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа карантиндік шаралар экономикадағы ахуалды күрделендіріп жіберуі мүмкін

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы күресерлік Қазақстанға қаражат барын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа карантиндік шаралар экономикадағы ахуалды күрделендіріп жіберуі мүмкін

«Бірінші кезекте дағдарысқа қарсы шешімдердің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек. Жаңа карантиндік шараларды енгізу – экономикадағы ахуалды күрделендіріп жіберуі мүмкін екенін ескеру керек. Үкіметте тиісті жұмыс жоспары болуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша дағдарысқа қарсы күресерлік Қазақстанда қаражат бар. «Тиісті заңнамалар қабылданды. Сол себепті өңдеу өнеркәсібінің көлемін, құрылыс жұмыстары мен инвестиция көлемін төмендетудің негізі жоқ деп есептеймін. Үкімет жағдайды ретке келтіруі керек», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше