Білім • 17 Шілде, 2020

“Болашақ” бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік ЖОО-лар тізімі

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 295 Бұйрығымен 2020 жылы "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді.

“Болашақ” бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік ЖОО-лар тізімі

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелеріне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді.

Тізімге QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings, the U. S. News & World Report Best Global University ranking халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100-дігіне кірген жоғары оқу орындары кірді.

Тізімге сонымен қатар, The U. S. News & World Report Best Global University Ranking басылымының нұсқасы бойынша үздік әлемдік университеттер рейтингінде кемінде 65 балл жинаған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің жоғары оқу орындары енді.

Салыстыратын болсақ: 2019 жылы ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарының тізімінде 537 жоғары оқу орны болса, оның 20% ғана топ-100 халықаралық рейтингтеріне кірген.  

Сондықтан, 2020 жылғы тізімде еліміздің нысанды қажеттіліктеріне сәйкес бағыттар бойынша мықты болып саналатын әлемнің жетекші жоғары оқу орындары ұсынылуда.

Ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімімен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/spisok-rekomenduemykh-vuzov.html

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15