
"Қазір ұсталған азаматқа ҚР ҚК 297 бабы бойынша сату мақсатында заңсыз есірткі сақтаған деген айып тағылды. Күдікті уақытша тергеу орнында отыр. Қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс барысында арнай сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Тәркіленген есірткі заттарын ақшаға шақсақ, 30 млн теңге шамасында болады," - дейді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Қайрат Дүйсембеков.