
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша вирус 206 743 адамды шырмап, соңғы тәуліктің ішінде 166 пациент о дүниелік болған. Пандемия кезінде ел көлемінде бүгінгі күнге дейін 3813 аргентиналықтың көз жұмғаны тіркелген. Ал 91 302 адам жазылып, ауруханалардан үйлеріне шыққан екен.