Елорда • 12 Тамыз, 2020

Алтай Көлгінов құрылысшылардың жұмысты сапалы орындауын міндеттеді

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов "Фемида" және "Берекет" тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысқаны туралы "Инстаграм" парақшасында жазды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Алтай Көлгінов құрылысшылардың жұмысты сапалы орындауын міндеттеді

"Проблемалы деп танылған үйлерге барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау құрылыстың қандай қарқынмен жүріп жатқанын көруге мүмкіндік береді. Құрылысы ұзаққа созылған үйлерде жағдай әртүрлі: бір жерде тек қазаншұңқыр ғана болса, енді бірінде үйдің қаңқасы ғана болды. Кей ғимараттарда бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп, үй сызбасына өзгерістер енгізу қажет болды. Кей үйлерде 5 қабаттың орнына 9 қабат салынып, үлескерлерге сатылды.

Бүгін "Фемида" (Абат) және "Берекет" тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Тұрғындармен кездесулерде аталған үйлердің үлескерлері бірқатар маңызды мәселелерді көтерген болатын, олардың басым бөлігі шешілді. Инженерлік желілерді қосамыз. Үйлерді жылыту маусымына дайындау қажет. Үй құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлап отырмыз.

Құрылысшыларға қойылатын басты талап-құрылыс жұмыстарын сапалы орындау. Аумақты абаттандырумен айналысу қажет", деп жазды Алтай Көлгінов.