
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі, яғни 3426-сы ауыл шаруашылығына және 4110-ы құрылыс саласына тиесілі. Төтенше жағдай режимі кезінде де егіс алқаптары мен құрылыс алаңдарында жұмыс тоқтаусыз жүріп жатты. Сондықтан жұмыспен қамтуда осы екі саланың алда болуы заңды. Сонымен қатар өнеркәсіпте - 674, көлік және логистика саласында - 2, сауда саласында - 980, білім беру ісінде - 577, денсаулық сақтауда - 503, экономиканың басқа да салаларында 5355 жұмыс орны құрылды.