фото: ҚТФ
Бұл жеңіс Рыбакинаны финалға шығарып қана қоймай, оның әлемнің екінші ракеткасы деген жаңа мәртебесін бекіте түсті.
Қазір Елена жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, матчтың шешуші сәттерінде қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай жүр.
Енді бас жүлде үшін Елена Арина Соболенкомен (№1 WTA) кездеседі.
Еске салайық, олардың кейінгі рет Australian Open финалындағы кездесуінде Елена жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.