
Дәл осы күні тағы бір петропавлдық өзінің интернет-алаяқтың құрбаны болғанын айтып полицияға шағым берген. Бірақ бұл жолы алаяқ ізін суытпай ұсталды. Ол осындай қылмыспен бұрын да белгілі болған 1998 жылы туған жәбірленушінің танысы болып шықты. Жәбірленушінің құжаттарындағы деректерін алдау жолымен қолына түсіріп алған ол өзінің арам ойын іске асырған. «Алаяқтардың барлық түрлері азаматтардың аңғалдықтарын пайдаланады. Қандай жағдай болмаса да, жеке басы және қаржысы туралы ақпартты бөтен адамдарға беруге болмайды. Оларға: жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН, төлем карточкаларының деректемелері жатады. Күдік туындаған жағдайда бірден банк бөлімшесіне немес call-орталығына хабарласу қажет. Сонымен бірге интернет-алаяқтардың құрығына түссеңіз, шұғыл полицияға жүгінген жөн», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.