Аймақтар • 27 Тамыз, 2020

Атырауда селфи үшін лотос гүлін жұлып алған тұрғын жазаланады

1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Атырауда селфи үшін лотос гүлін жұлып алған тұрғын жазаланады

«23-30 тамызда аралығында «Таза Қазақстан» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мақсат – табиғат қорғау заңдылығын бұзғандарды анықтау. Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бірлесе өткізген рейд кезінде Қиғаш өзенінде «Ямаха» маркалы моторы бар «Бударка» қайығы тексерілді. Оны Приморск ауылдық округінің тұрғыны жүргізіп келе жатқан. Полицейлер қайықтағы алты жолаушыдан Қызыл кітапқа енген 8 лотосгүлін тапты. Туристер Атыраудан Құрманғазы ауданына гүлденген лотосты тамашалау үшін арнайы келген. Тәртіп бұзушылар жазаланады», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Лотос гүлі еліміздің өзге өңірінде кездеспейді. Сирек кездесетін бұл гүл Құрманғазы ауданындағы Қиғаш пенШора өзендерінде өседі. Гүл өскен аумақ 5 мың гектарды құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20