Әлем • 31 Тамыз, 2020

Нью-Йорк музейлерінің ахуалы мүшкіл

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йорктің өнер сүйер қауымы үшін карантин аяқталды: алты ай карантиннен кейін Моне немесе Пикассо туындыларын тамашалап, Джакомметти мүсініне сүйсінуге болады. Осы аптада Манхеттендегі заманауи өнер музейі (МоМА) өз есігін қайта ашты, дегенмен залдарда әзірге адамдар бұрынғыдай көп жиналып жатқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .

Нью-Йорк музейлерінің ахуалы мүшкіл

Метрополитен музейі де жұртшылық үшін ашылды, бірақ әзірге онда кіретін адамдар саны шектеулі болып отыр.

"Үлкен алма" музейлерінде қатаң ереже сақталады: мұнда маска тағып, кірерде температура өлшейді және онда бару үшін алдын ала уақыт белгілеуі тиіс. Ал музейдегі адамдар саны 25%-дан аспауы тиіс. Сондықтан, Метрополитен ашылған алғашқы күні әдеттегідей 30-40 мың адам емес, 10 мың адам ғана келді.

Пандемия салдарынан Нью-Йорктегі музейлер Еуропадағыға қарағанда әлдеқайда шығынға батты. Себебі, олардың бюджеті билет сатылымына байланысты. Метрополитен жабылған уақыт ішінде 150 млн доллар жоғалтып, 400 қызметкерін қысқартты.



Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше