
"Елімізде 576 адам коронавирус жұқтырып, ілеспе диагноздан қайтыс болған. КВИ науқастарында ең жиі кездесетін ілеспе патология – тыныс алу органдарының аурулары. 52,4 пайыз адам осы патология бойынша қайтыс болған. Қан айналымы жүйесі ауруларынан – 29 пайыз, ісіктерден – 4 пайыз адам қайтыс болған және қалған 14,6 пайызы басқа патологиялардан көз жұмды", деді Бағдат Қожахметов.