
Сайын Шапағатов есімі берілген мектеп-гимназиясының ішінен жаңа мұражайы ашылды. Мұнда Сайын ағаның шапаны, аяқ киімі, марапаттары қойылды. Сондай-ақ, жұмыс барысындағы фотолары, жеке құжаттары және қолданған заттары отбасылық архивтен алынып жасақталды. Шарада оның өмірі мен елеулі еңбек жолына арналған "Сайын даланың сайыпқыраны" атты қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық жаңа журналдың тұсаукесері өтті. Бұл Қ.Баймағанбетова басшылық ететін Сайын Шапағатов қорының демеушілігі арқылы 500 данамен "Арыс" баспасынан жарық көріп отыр. Бюсттің биіктігі 2,8 метр, ені 60см.