Парламент • 22 Қазан, 2020

Сенаторлар ішкі және сыртқы сауда мәселелерін талқылады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары парламенттік тыңдауға дайындық аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар ішкі және сыртқы сауда мәселелерін талқылады

Комитет төрағасы Дәурен Әділбеков бұған дейін шағын және орта кәсіпкерліктің, бизнес қауымдастықтарының өкілдерімен, сондай-ақ "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының және "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорының басшылығымен кездесулер өткенін атап өтті.

Сенаторлар жеңілдікті қаржыландыруға қол жеткізу, саудаға шығару алдындағы қызмет көрсету, экспортталатын тауарларды сертификаттау, аграрлық сектордағы шағын және орта бизнесті дамытуды тежеуші мәселелерге, сондай-ақ салалық мекемелердің шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде қабылдап жатқан шараларға назар аударды. Сенат депутаттары еліміздегі ішкі сауда және шет елдермен сауда ынтымақтастығы жөніндегі ақпараттық мәліметтерді, сондай-ақ бүгінгі күні қандай кедергілер бар екенін сұрады.

Кездесу барысында отырысқа қатысушылар шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуды көздейтін ұсыныстар енгізді және кәсіпкерлік мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру қажеттігін талқылады. Сенаторлар келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарды парламенттік тыңдауда талқылау үшін одан әрі пысықтау қажет деп санайды және тиісті ұсынымдар әзірленеді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10