Аймақтар • 23 Қараша, 2020

СҚО-да кезекте тұрған 186 отбасы баспанаға ие болды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың Первомай көшесіне әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға 2 көп қабатты үй салынды. Қоныс тойын 186 отбасы тойлап жатыр. Бұл жетімдер, толық емес отбасылар, мүгедектер, ауған соғысының ардагерлері және көп балалы отбасылар, - деп жазады Egemen.kz

СҚО-да кезекте тұрған 186 отбасы баспанаға ие болды

«Бұрын бұл жерде 4 апатты екі қабатты үй тұрған еді. Бұл үйлердің тұрғындары тұрмыстық жағдайларын жақсартып, жайлы пәтерлерге ие болды», - деп жазды өз парақшасында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Жалпы, облыста биыл 3 мың пәтер салынады, оның 625 пәтері мұқтаж азаматтарға арналған. 11 мың солтүстікқазақстандық қоныс тойын тойлайды. Өңірдегі 125 көпбалалы отбасы көптен күткен баспанаға ие болады. Биыл аудандарда кезекке тұрғандарға арналып 7 көпқабатты үй салынды.

2021 жылы «Береке» ықшам ауданында 556 пәтерлі 5 көп қабатты үйдің құрылысы аяқталады. Бұл 130 көпбалалы отбасы мен әлеуметтік топтардағы 400-ден астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33