Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Шығыста жаңа форматта кітапхана ашылды

677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент күніне орай Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің кітапханасы заманауи жаңғырып, Тұңғыш Президент күні қарсаңында салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыста жаңа форматта кітапхана ашылды

Жаңартылған руханият ошағының оқу залы кең, әрі көп функционалды.  Кітапхана іші «IDEA-ROOM activity», «Face To Face», «Оқу» және «Цифрландыру» аумақтарына бөлінген.  Студенттер емін-еркін,  ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ кітапхана қорына қол жеткізе алады. Өз бетінше керек кітаптарды алып, тіркеп, пайдалана береді.  Шығаберісте орнатылған арнайы құрылғының арқасында,  кітапты рұқсатсыз алып кету мүмкін емес.

Салтанатты іс-шарада бірінші проректор Сәуле Рахметуллина жиналған қауымды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Сонымен қатар, кітапханада көп жылдар еңбек еткен Риза Бегимова жиналғандарға жылы лебізін білдірді.

- ШҚТУ кітапханасы республика бойынша ғылыми кітапханалар үздігінен ешқашан түспеген. Бүгіннен бастап жаңартылған форматта білім алушыларға қызмет көрсетпек. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жастар үшін ыңғайлы етіп жасалған. «Кітапхана мен кітаптарсыз өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес деп»  Елбасымыз да айтқан, – деді кітапхана ардагері Риза Бегимова.

Айта кетерлігі, кітапханаға оқырмандар көп келетіндіктен, ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар қолданылмақ.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15