Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2020

Атырауда көлік аударылып, екі адам мерт болды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда көлік аударылып, екі адам мерт болды

Жол апаты 19 желтоқсанда «Индер-Атырау» трассасында болған. Индер ауданының Ынтымақ ауылында тұратын 32 жастағы жүргізуші «Приора» маркалы көлігімен Ақтау қаласынан келген әпкесін 4 баласымен бірге Атырауға жеткізу үшін жолға шыққан екен. Бірақ олар Атырау қаласына дейін жете алмады. Өйткені жолда көлік аударылып, жол-көлік апатынан 32 жастағы жүргізуші мен 38 жастағы әйел көз жұмды.

Аударылған көліктегі төрт бала аман қалды. Қазір жол апатына байланысты сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше