Ауа райы • 21 Желтоқсан, 2020

ІІМ ұзақ сапарға шықпауға кеңес берді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының нашарлауына байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі кей аймақ тұрғындарына ұзақ сапарға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz

ІІМ ұзақ сапарға шықпауға кеңес берді

Ауа райы нашарлауы мүмкін өңірлердің қала сыртындағы жолдарын патрульдейтін экипаждардың жұмысы күшейтілді.

«Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты (қалың қар, боран, жолдың анық көрінбеуі) бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 20 градустан төмендейтіні болжанды. ҚР ІІМ аталған өңір тұрғындарына жол жүруді шектеп, ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды қадағалауды ұсынады. Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сапарға шыққанда өте мұқият болуға шақырады», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ауа райы нашарлағанда автокөлік жүргізушілерінен жолға мұқият назар салу және дөңгелектерін уақытылы ауыстырып, қысқы кезеңге дайындалу талап етіледі. Барлық адамдар жолда қиын жағдайға тап болған жағдайда ішкі істер органдарының бөлімшелеріне 102 нөмірі бойынша тәулік бойы жүгіне алады.

 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05