Аймақтар • Бүгін, 08:40

Көктем игілігі – көшет егу

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Табиғаттың оянуын, ынтымақ пен тазалықты білдіретін Жаңару күнінде жаппай ағаш егу, қоршаған ортаны көгалдандыру дәстүрге айналған. Дегенмен бұл игі іс-шараларды көктем ерте шығатын Түркістан өңірінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенді атқарып келеді.

Көктем игілігі – көшет егу

Жердің сортаңдануының алдын алу мақ­сатында Отырар ауданы Көксарай ауы­лының тұрғындары 15 шақырым жол жие­гіне көшет отырғызып, тамшылатып суару жүйесін енгізген. Үш жыл ішінде 100 мың түп ағаш егіп, жасыл желекті қоршаған.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, облыс аумағында 2021–2027 жылдары 110 мың гектар жерге 170 млн көшет отырғызу жоспарланған. Соған сәйкес 2021–2025 жылдары 96 мың гектарға 146 млн дана ағаш отырғызылды.

Түркістан облысында орман шаруа­шы­лығына қарасты жалпы аумағы 342 гектарды құрайтын 21 тұқымбақ жұмыс істейді. Оларда өсірілген көшеттер саны 35 миллионнан асқан. Мысалы, Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесінің тұқымбағы 20 гектар аумақта орналасқан. Мекеме басшысының мәліметінше, оның 16 гектарында көшеттің 40 түрі өсіріледі. Қазір мұнда 1,9 миллион көшет бар.

Жетісай ауданында 1 гектар жерге тұқымбақ ұйым­дас­тырылды. «Жетісай қызмет» мекемесінің тең­геріміндегі аталған тұқымбақта 65 мың түп­ке жуық емен, айлант, үйеңкі, катальпа, акация, көк терек, ақ терек, мырза терек, ива, келінтал, жиде секілді ағаштар мен сәндік көшеттер дәнмен, қаламсаппен отырғызылып, олардың өсуіне қолайлы жағдай жасалған. Жалпы, облыс аумағында 2021–2025 жылдары 3,7 миллион­нан астам көшет отырғызылған, олардың орташа өнімділігі 63,5 пайызды құрады.

Тарихи маңызы зор «Отырартөбе» қала­жұрты маңында ұйымдастырылған ак­цияға қатысушылар бірлесе отырып, 1000-ға жуық көшет отырғызды. Жуырда Түл­кібас ауданындағы орталық саябаққа ауыл­дықтар 1000 түп емен көшетін екті. Былтыр 76 мыңнан астам ағаш көшеті арнайы қор­шалып, суару жүйесімен қамтылған алқап­тарға отырғызылған болатын.

Күні кеше Мақтаарал ауданы Абат ауы­лы мен Қоңырат ауылының тұрғындары арнайы жер телімдеріне арша көшеттерін, «Абат» аллеясына қосымша 18 арша мен 50 қара тал отырғызды. Сонымен қатар бұған дейінгі талдар егіліп қойған 3 шақырымнан астам аумақ қоршалды. Бір күнде аудан аумағында 400 түп арша, 200 тұт ағашы, 50 түп үйеңкі, 300 қарағаш көшеттері егілді. Ал Арыс қаласының тұрғындары Арыс-Шардара айналма тас жолының бойына 1 500 түп ағаш көшетін отырғызды. Егілген жас дарақтардың барлығы – жергілікті климатқа бейімделген, қалалық тұқымбақта арнайы өсірілген қара тал мен сабын талдары. «Жасыл Арыс» КММ қызметкерлерінің айтуынша, биыл көктемде қала аумағында жалпы саны 6 000 түп ағаш отырғызу жоспарланған.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15