Спорт • Кеше

Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада киберспорт жанкүйерлері үшін ірі оқиға өтпек. Астанада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі ұйымдастырылып, оған әлемнің үздік командалары жиналады. Бұл дода Counter-Strike 2 бойынша өтіп, миллиондаған көрермен назарын өзіне аудармақ, деп жазады Egemen.kz.

Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласы тағы да жаһандық киберспорт орталықтарының біріне айналуға мүмкіндік алып отыр. Турнир 15–17 мамыр аралығында Barys Arena алаңында өтеді. Жарысқа әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысады.

Айта кетейік, 2025 жылғы турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, онлайн қаралым көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткен еді. Халықаралық аудитория тарапынан үлкен қызығушылық танытылып, Астананың киберспорт картасындағы орны нығая түсті. Ал 2026 жылғы турнир – осы жетістіктің заңды жалғасы.

1,5 млн-нан астам қазақстандық киберспортпен айналысады

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жарысты ұйымдастырушы – PGL Esports SRL. Компания әлемдегі ірі киберспорт турнирлерін өткізетін жетекші операторлардың бірі саналады.

Биылғы доданың ерекшелігі – жүлде қорының артуы. 2026 жылы жалпы жүлде қоры 1,6 млн долларға дейін ұлғайтылды. Бұл көрсеткіш турнирді Counter-Strike 2 бойынша өтетін ірі жарыстардың, соның ішінде мейджор деңгейіндегі додалардан да жоғары сыйақысы бар турнирлер қатарына қосады.

Астана әкімдігі

Осылайша, PGL Astana 2026 Қазақстанның киберспорт индустриясындағы беделін арттырып, елорданы халықаралық деңгейдегі маңызды алаңдардың біріне айналдыруға ықпал етпек.

Патриотизм, киберспорт, технология: Онлайн марафонда қоғам үшін өзекті тақырыптар талқыланды

Соңғы жаңалықтар