Фото: Видеодан алынған кадр
24KZ хабарлағандай, Шымкент қаласындағы заманауи тұрғын үй кешенінен ұсынылған жаңа пәтерлер еңбек өтілі 20 жылдан асатын, кәсіпорынның қалыптасуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қызметкерлерге берілген.
Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл қадам – қызметкерлерді қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаның жалғасы. Компания ұжымы үшін тұрғын үй мәселесін шешу – басшылықтың басты назарындағы бағыттардың бірі.
Еске салайық, бұған дейін, 2025 жылы Тұрсынғали Алагөзов өз қызметкерлеріне 100 пәтер табыстаған еді. Осылайша, кәсіпкердің әлеуметтік бастамалары жүйелі түрде жалғасып келеді.