Президент • Бүгін, 16:57

Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Фото: Ақорда

Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады.

Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды.

Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі.

Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды

Сондай-ақ Президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Олар реттелетін, ашық және ауқымды цифрлық активтер экожүйесін құруға, инфрақұрылымды (крипто хаб) дамытуға және халық пен бизнеске қызметтердің толық спектрін ұсынуға бағытталған.

Цифрлық активтер нарығын дамыту аясында Қазақстан қор биржасында (KASE) токен түрінде қаржы құралдарын шығару қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар