Қоғам • 07 Қаңтар, 2021

Көкпар ұйымдастырушысы жауапқа тартылды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері карантинге қарамастан көкпар өткізген тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкпар ұйымдастырушысы жауапқа тартылды

Түркістан облысы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес облыс бойынша карантин режимін сақтау, яғни бетперде тағып жүру, арақашықты сақтау міндеттелген. Бүгінгі таңда осы талаптардың орындалуы тиісті органдардың қатаң бақылауында. Оның ішінде Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арнайы құрылған мобильдік топтармен жүйелі түрде жұмыстар жүргізуде. Мысалы, Төлеби ауданының полицейлері карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып, өткізіліп жатқан көкпарды анықтады. Тексеру кезінде жергілікті тұрғын Алатау ауылдық округі аумағында 100-ге жуық адамның басын қосып көкпар жасағанын айқындады.

Мобильдік топ бірден шоғырланған адамдар тобын тарқатып, оларға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді. Сондай-ақ шектеу шараларына қарамастан көкпар ұйымдастырушысын жауапқа тартты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша іс-құжаттары жинақталып, СЭС-ке жолданды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметкерлерімен тұрғынға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Естеріңізге сала кетсек, облыста санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптарын бұзушыларды анықтау бойынша, күнделікті профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге, антисептиктерді қолдануға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15