
Қазақстан құрама командасының мүшелері тек 90 кило салмақта сынға түсті. Осы жарыстағы ең соңғы үмітіміз Ислам Бозбаев еді. Азия ойындары мен Азия чемпионатында жүлде алып, қос бірдей Олимпиадада бақ сынаған қандасымыз Дохада табысты өнер көрсететін шығар деп топшаладық. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмады. Ислам алғашқы айналымда-ақ сүрінді. Оның жолын америкалық Колтон Браун бөгеді. Осылайша, жерлестеріміз Мастерс турнирінде бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.