
Николай Сергейұлы 1982 жылдың 29 қазанында Ақмола облысының Щучинск қаласында дүниеге келді. Сол жерде шаңғы спортының қыр-сырына қанығып, уақыт оза елеулі табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, 2013 жылы Италияда өткен әлем чемпионатының қола медальін мойнына ілді. Төрт бірдей Азия ойындарына қатысып, 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медальді олжалады. 2002 жылы Солт-Лейк-Сити, 2006 жылы Турин және 2010 жылы Ванкувер Олимпиадаларында бақ сынады. Сонымен қатар, ол басқа да көптеген халықаралық жарыстарда да жеңіс тұғырына көтерілді. Николай Чеботько небары 38 жаста еді...