
«Әлеуметтік желіде Қазалы ауданының әкімі мен әкімдік қызметкерлері төбелескені туралы ақпарат тарады. Бұл жалған ақпараттар. Полиция басқармасында да, аудан әкімдігінде де мұндай дерек тіркелмеді. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», деді әкімдік өкілдері.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 1 қаңтарда аудан әкімі мен басқа да аудан шенеуніктері отырыс жасағаны туралы хабар тараған. Қонақтар Қазалы ауданының әкімдік аппаратының басшысы Нұрғиса Жалғасбаевтың үйінде жиналған. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жиынға ПИК бөлімшесінің басшысы Мұрат Абсұлтанов, аудан әкімінің көмекшісі Мұхтар Нәбиев, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жаныппар Жалғасбаев және басқасы келген.
Сонымен қатар, қонақтар кешкі ас алдында карта ойнауға барғаны айтылған, сол уақытта әкім Ергешбаев мас күйде Абсұлтановқа тіл тигізген. Осыдан кейін екеуі төбелесіп, пышақтасқан. Артынша қонақтар полиция шақырған, алайда бұл дерек тіркелмеген.