Қазақстан • 27 Қаңтар, 2021

Франция елшісі Қазақстандағы діни сенім бостандығына баға берді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канеспен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Франция елшісі Қазақстандағы діни сенім бостандығына баға берді

Кездесу барысында Е.Нүкежанов Қазақстанның конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, адамдардың ар-ождан бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және барлық заңды әрекет ететін діни бірлестіктермен сындарлы ынтымақтастық орнату бойынша атқарылған жұмыспен таныстырып өтті.

Бұдан басқа, діни сенім бостандығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Д.Канес Қазақстандағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы оң динамиканы жоғары бағалады.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді. 

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025