
Орталықтың Басқарма Төрағасы, ҚазҰЖҒА академигі, химия ғылымдарының докторы А.Ильин Министрге Орталықтың ғылыми-зерттеу зертханаларын көрсетті. Шығарылатын дәрілік препараттар мен жаңа жобалар туралы айтып берді. Министр ұйымның ғылыми қызметкерлерімен кездесіп, өнімдерді тез арада шығарып, коммерцияландырудың маңыздылығын айтты.