Аймақтар • 12 Ақпан, 2021

«Шымкент-Кашемир» зауыты екінші кезеңді іске қосуды жоспарлауда

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шымкент-Кашемир» ЖШС – жүнді өңдеу және одан иірілген жіптер мен сырылып тігілген көрпелер шығаратын зауыттың жұмысы қарқын алған. Бүгінде өндірістің бірінші кезеңі – жүнді-жуу және тарауды алғашқы өңдеу цехы толығымен пайдалануға берілді. Цех ең алдымен өзіндік өндірісті шикізатпен жарақтандыру үшін құрылған болатын. Жылына 2000 тоннаға дейін жуылған және таралған жүнді дайындайды. Кәсіпорында негізінен жергілікті шикізат пайдаланылуда.

«Шымкент-Кашемир» зауыты екінші кезеңді іске қосуды жоспарлауда

Зауыт директоры, жас кәсіпкер Санат Шағанбекұлының айтуынша, кәсіпорын өз саласында, өз ауқымы бойынша еліміздегі ең үздіктердің бірі.

– Кеңес уақытынан бері танымал, жүнді алғашқы өңдеуші ірі зауыттар қазір тоқтап қалған. Өкінішке қарай, өндірістің бұл түрі төмен табысты салаға жатады және үлкен салымдарды талап етеді. Бірақ АЭА-да орналасқандықтан және жекелей жеңілдік пен артықшылықтар есебінен біз жұмыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік алдық, – дейді Санат Шағанбекұлы.

2017 жылы зауыт айналым құралын толықтыруға «Bank RBK» АҚ банкі арқылы несие алды. Кәсіпорын үшін пайыз мөлшерлемесі 17 %-ы құрады, оның 7 %-н «Даму» Қоры субсидиялайды.

т

Қазіргі таңда кәсіпорынның екінші кезеңін іске қосу бойынша жұмыстар атқарылуда. Таралған жүн тізбегін өндіретін цех дайын тұр. Сатып алынған құрылғылардың жартысы орнатылған. Бүгінде сынамалар жүргізілуде.

Отандық өнімдердің сапасы жоғары, моңғол, итальян, грек және ресейлік аналогтардан еш кем түспейді. Сондай-ақ, бағасы да әлдеқайда қол жетімді.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025