Футбол • 16 Ақпан, 2021

Суперкубок жеребесі тартылды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдан бастап жаңа форматта өткелі жатқан футболдан Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды.

Суперкубок жеребесі тартылды

Елордада өткен жеребе тарту нәти­жесі бойынша, турнирдің жартылай фи­налындағы алғашқы ойын 2 наурызда былтырғы ел чемпионы – «Қайрат» пен күміс жүлдегер Қостанайдың «Тобылы» арасында өтеді. Ал 3 наурызға жоспарланған екінші жартылай матчта Қарағандының «Шахтері» елорданың «Астана» клубымен кім мықтыны анықтайды. Ал үшінші орын үшін өтетін матч 5 наурызда, финалдық кездесу 6 наурызда ұйымдастырылады. Суперкубок ойындары жуырда ғана пай­далануға берілген Түркістандағы «Түр­кістан-Аренада» өтеді.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 40 млн теңгені құрайды (шамамен, 94,7 мың доллар). Ал жеңімпаз атанған клубқа Қазақстан Суперкубогы мен 25 млн теңге (шамамен 59,2 мың доллар) тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35