Руханият • 18 Ақпан, 2021

Сенатор Алтынбек Нухұлы: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын жоғары деңгейде атап өту маңызды

812 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаш қозғалысының рухани көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойы жақын қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенатор Алтынбек Нухұлы: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын жоғары деңгейде атап өту маңызды

Осыған орай Сенат депутаттары еліміздің премьер-министріне Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту, сондай-ақ іс-шаралар бағдарламасын терең идеялық мазмұнмен байыту туралы ұсыныстар жолдады.

«Біз Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, оған елордада және өзі қызмет еткен Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында ескерткіштер қою қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, Сізден Қостанай облысы әкімдігінің алдына Ахмет Байтұрсынұлының ауылын абаттандыру, оған апаратын жолдарды жөндеу туралы тапсырма беруіңізді сұраймыз», деді Алтынбек Нухұлы.

Сенаторлар сонымен қатар Ұлт ұстазына арнап деректі және көркем фильмдерді көбірек түсіру туралы ұсыныс айтты. Депутат сауалын наурыз айына жоспарланған «Ұлт құндылықтарын сақтау мен нығайту – тәуелсіз елдің кемел болашағы» тақырыбындағы Парламенттік тыңдауларға дайындық барысында Алтынбек Нухұлы, Нұрлан Әбдіров, және өзге де сенаторлар жолдады.
 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025