Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

Таразда Иштван Қоңыр Мандокиға арналған конференция өтті

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында Тараз қаласында «Түрік халықтарының рухани құндылықтары және Қоңыр Мандоки мұрасы» атты халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференция өтті. Аталған шараны Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Мажар-Қазақ «Barsz» қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Таразда Иштван Қоңыр Мандокиға арналған конференция өтті

Жиынға бейнебайланыс режимі арқылы облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев қатысып, Иштван Қоңыр Мандокидің тағылымды өміріне тоқталды. Ғалымның мұрасы түбі бір түркі халықтарының ортақ құндылығы екенін жеткізді. Сондай-ақ облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева Тараз төрінде өтіп отырған конференцияның маңыздылығына тоқталып, бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қолға алынған ірі жобалардың бірі екенін айтты. Сонымен қатар, жиын барысында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы, Мажар-Қазақ «Barsz» қорының президенті Андраш Гал, түрколог ғалым, этнограф Кара Давид Шомфай, «Қазақ диаспорасының» төрайымы Онайша Мандоки сөз сөйледі.

Жалпы, аталған халықаралық конференцияда ғалымдар Қоңыр Мандоки шығармашылығына байланысты баяндама жасады. Ғалымның мол мұрасы жөнінде әңгімеледі. Ал, жиынға модераторлық еткен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев конференцияны қорытындылап, қатысушыларға алғыс айтты.

«Конференцияның негізгі мақсаты – Иштван Қоңыр Мандокидің бай рухани мұрасын насихаттау және елімізде зерттелуіне серпін беру. Сонымен қатар Мандоки заманындағы Ұлы дала өркениеті мен тұлғалары туралы қазіргі уақыттағы соңғы зерттеулерді ғылыми айналымға енгізу, насихаттау», дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сейітжан Ілияс.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10