Қазақстан • 25 Ақпан, 2021

Қазақстанның кеден әкімшілігі Дүниежүзілік кеден ұйымы өткізген фотобайқаудың жеңімпазы атанды

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ДКҰ Бас хатшысы Кунио Микурияның өз қолымен жазған құттықтаулары мен кәдесый Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның кеден әкімшілігі Дүниежүзілік кеден ұйымы өткізген фотобайқаудың жеңімпазы атанды

Ұйым басшысы конкурстық жұмыс COVID-19-ға қарсы күресте әлемдегі кеден қызметінің маңызды рөлін айқын көрсеткендігін атап өтеді.

«Әрине, Мен Сіздерге Дипломды ДКҰ Кеңесінің сессиясы кезінде жеке өзім тапсырғым келген, бірақ 2020 жылы бізде мұндай мүмкіндік болмады.

Осыған байланысты Сізге Дипломды пошта арқылы жіберу мен үшін үлкен мәртебе, және сіздермен жақын арада кездесемін деп үміттенемін», - деп жазды Кунио Микурия құттықтау хатында.

«Жеңімпаз суретте кеден қызметкері өзінің адал досымен бірге COVID-19 таралуына байланысты тәуекелге қарамастан жұмыс күнін бастайтыны бейнеленген», - деп ДКҰ Бас хатшысы осыған дейін пікірін білдірген болатын.

Байқау суреті «My Loyal Friend» / «Менің адал досым» деген атауға ие болған. Суретті Алматы қаласы бойынша МКД түсірген.

Еске салайық, фотобайқауды Дүниежүзілік кеден ұйымы (Брюссель қаласы) ұйымдастырып, оған ДКҰ-ға мүше 76 ел қатысқан.

Қатысушылардың барлық суреттерін мына сілтеме бойынша көруге болады (Қазақстаннан жіберілген сурет тізімде №31).

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше