
2020 жылы Ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 33,4 млрд. теңге, оның ішінде 30,1 млрд. теңге субсидия бағытталған.
– Облыста 5 сүт қабылдау пункті құрылды, 1050 басқа арналған 4 тауарлы-сүт фермасы салынды және 150 басқа арналған 3 ферма қайта жаңартылды. Салынған инвестициялар 2015-2020 жылдар ішінде халықтан сүт сатып алуды ақшалай баламада 18 есеге, ал заттай көріністе 8 есеге (7,5 мың тоннадан 57 мың тоннаға дейін) ұлғайтуға мүмкіндік берді, – деді аймақ басшысы.
Ендігі уақытта өсімдік шаруашылығын дамытудың әзірленген бағдарламасына сәйкес, тиімділігі жоғары дақылдардың алқаптарын ұлғайта отырып, егістіктерді әртараптандыру жүргізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы