Үкімет • 05 Наурыз, 2021

Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты.

Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты

«Ең алдымен министрлік Теңіздің болашақтағы кеңеюі жобасы, Газға қатысты өндірістік шектеулерді алып тастау және Қарашығанақта газды кер айдайтын 4-ші компрессор жобасы сынды ірі негізгі жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру керек. Екіншіден, Шетел инвесторлары кеңесі аясында Мемлекет басшысының мемлекеттің Қашаған жобасын жүзеге асыруға қатысу тиімділігін арттыру туралы берген хаттамалық тапсырмасына сәйкес, осы жылы Қашаған кен орнының шикізаты базасында қуаты 1,150 млрд текше метр шикіз газ болатын газ өңдеу зауытын бастау қажет», деді Үкімет басшысының орынбасары ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар ол ҚР Президенті халыққа арнаған Жолдауында мұнай өнімдері саласында биржалық сауданы ретке келтіруді және жетілдіруді тапсырғанын еске салып өтті. «Осыған орай, Энергетика министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, осы жылдың наурызынан-ақ мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сата бастауды қамтамасыз етуі керек», деді Роман Скляр.

 

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025