23 Сәуір, 2010

ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда “Қазақстан Рес­пуб­ликасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман” атты халықаралық ғы­лы­ми-тәжірибелік конфе­рен­ция болды.  Консти­ту­ция­лық Кеңес төрағасы Игорь Рогов сөз сөйледі. Жинал­ған­дар­ға ЕҚЫҰ-ның Іс басын­дағы төрағасы, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Саудабаевтың құт­тықтау хаты оқылды. Пре­зи­денттік институттың құры­луы­на жиырма жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр­ған ғылыми-тәжірибелік кон­ференцияда бұл институттың тарихи, құқықтық, экономи­ка­лық, халықаралық және басқа да салаларда дамуы жөнінде жан-жақты баяндалды. “Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның президенттік институты: тарих және қазіргі заман” атты халықаралық ғылыми-тәжіри­белік конференцияның күн тәртібіне қойылған мәселелер төңірегінде ҚР Конституция­лық Кеңестің мүшесі В.Мали­нов­ский, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Б.Жұмағұлов, Мем­лекет және құқық инсти­тутының директоры Ғ.Сапар­ғалиев, АҚШ-тағы Джордж­таун университеті жанындағы Заң орталығы, Халықаралық құқық институтының төраға­сы Уоллэйс Дон және басқа­лар өз пікірлерін ортаға салды. Бақыт БАЛҒАРИНА.
Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25