Ауа райы • Кеше

Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар жолдарда барлық көлік түріне уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

Фото: pinerest.com

Шектеу енгізілген учаскелер:

Ұлытау облысы

  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 756-788 шақырым, Жаңаарқа кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін;

  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 216-424 шақырым, Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін.

Қарағанды облысы

  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 788-906 шақырым, Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін;

  • Астана – Қарағанды – Алматы автожолы, 592-750 шақырым, Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін.

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Жамбыл облысы

  • Астана – Қарағанды – Алматы автожолы, 2005-2152 шақырым, Қарағанды облысының шекарасынан Бурылбайтал ауылына дейін.

Қызылорда облысы

  • РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолы, 1474-1806 шақырым, Әйтеке би кентінен Қызылорда қаласына дейін;

  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 12-216 шақырым, Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін.

Синоптиктер Қазақстанның тоғыз қаласында ауа ластанатынын ескертті

Жүргізушілерден жолға шығарда ауа райы болжамын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау сұралады.

Соңғы жаңалықтар