Аймақтар • 21 Наурыз, 2021

Мереке күндері мыңнан астам отбасы азық-түлік себеттерін алады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанайдағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға мерекелік базарлық ретінде азық-түлік себеттері таратыла бастады. Мейірім-шуаққа толы Ұлыстың ұлы мерекесіне орай ұйымдастырылған жанашырлық шарасын «Халық» қайырымдылық қоры мен волонтерлар жүзеге асыруда. 

Мереке күндері мыңнан астам отбасы азық-түлік себеттерін алады

Азық-түлік себеттерін мұқтаж жандардың мекенжайына «Жанашыр бол», «Грин» қоғамдық қорлары мен «10-регион» іздестіру жасағының өкілдері, сондай-ақ, студенттер жеткізіп беріп жатыр.

Мысалы, «Жанашыр бол» ҚҚ-ның еріктілері бір күнде ерекше қажеттілікке ие балаларды тәрбиелеп отырған 15 отбасына азық-түлік жеткізіп берді.

Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылардың айтуынша, мұқтаж тұрғындарға үлестірілген әр себетте 5 кг қарақұмық жармасы, 5 кг күріш, 10 кг қант, 10 кг макарон, 10 кг ұн, 5 литр күнбағыс майы, 2 кг қара шай, 1,6 кг консервіленген ет және 2 кило кәмпит бар. 

Акцияның алғашқы күні 50 шақты волонтер 100-ден астам мекенжайға азық-түлік жеткізді. Қайырымдылық шарасы аясында Наурыз мерекесі күндері 1000-нан астам отбасы  азық-түлік алатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35