Тағайындау • 30 Наурыз, 2021

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің Қаулысымен Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚМ Салық инспекциясының жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

2001 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы әкімінің аппаратында, Көлік және коммуникациялар министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2006 жылы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2007-2009 жж. — Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, СҚО әкімі аппаратының басшысы. Түрлі жылдары жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2014 жж. — «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015 жылдан 2016 жыл аралығында «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2020 жыл аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.

2020 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды. 

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20