Қоғам • 07 Сәуір, 2021

Бейнебақылау камералары балаларға қатысты бұзушылықтарды жедел анықтайды

1347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйелерін орнатқаннан кейін балаларға қатысты жасалған бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнебақылау камералары балаларға қатысты бұзушылықтарды жедел анықтайды

Жергілікті атқарушы және қорғаншылық органдары, қоғам белсенділері бейнекамералардағы жазбалар бойынша мониторинг жүргізіп, фактілері анықталған жағдайда бірігіп дабыл қағып, тиісті шаралар қолданады.

Бейнебақылау жүйелері меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында орнатылған. Бүгінгі таңда еліміздегі балабақшалар мен мектептердің барлығы дерлік бейнекамералармен қамтамасыз етілген.

«Білім беру ұйымдарында орнатылған бейнекамералардың арқасында біз балалардың құқықтарын бұзу және оларға қатыгездік таныту фактілерін дер кезінде анықтап, жедел шара қолдана аламыз. Соңғы уақытта балаларға қатысты мұндай фактілер көбейген сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ ол олай емес. Шын мәнінде, мұндай жағдайлар туралы көпшілік орнатылған камералар арқылы біле бастады. Қолда бар бейнежазбаларды пайдалана отырып, тиісті органдар балалардың құқықтарын қорғау бойынша жедел шешімдер қабылдап жатыр», деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03