Қоғам • 12 Сәуір, 2021

2,3 млн гектар жайылым жер заңсыз ресімделген

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезеңде прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жалпы аумағы 2,3 млн гектарды құрайтын 3,5 мың жайылым учаскесін анықтады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаттарының сауалына Қазақстанның Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz

2,3 млн гектар жайылым жер заңсыз ресімделген

«Қазіргі уақытта Президент тапсырмасына сәйкес прокуратура жайылым жерлерді бөлу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі кезеңде прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жалпы аумағы 2,3 млн гектарды құрайтын 3,5 мың жайылым учаскесін анықтады», дейді Ғизат Нұрдәулетов.

Сонымен қатар прокурор соңғы 3 жылда пайдаланылмайтын 12 млн гектар жайылым анықталғандығын атап өтті.

«Соңғы үш жылдың ішінде прокуратура органдары ел аумағында жалпы ауданы 12 млн гектар 26,5 мың пайдаланылмай жатқан жайылымды анықтады. Қабылданған іс-шаралардың арқасында ауданы 3,6 млн гектар 2,4 мың учаске (кадастырлық құны 8,8 млрд теңге) мемлекетке қайтарылды.4,6 мың учаскені игеру басталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:50

Ақ жол, Әліби!

Спорт • Бүгін, 08:45

8 алтын, 4 күміс, 4 қола

Бокс • Бүгін, 08:40

Ізгілік жолындағы ілкімді қадам

Аймақтар • Бүгін, 08:30