 
                                        Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуір күні сағат 23:00-де Аймауытов және Қамзин көшелерінің қиылысында «Шевроле Ланос» және «Тойота» автокөліктері соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушілердің бірі медициналық көмекке жүгінді», делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындалды.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                