Экология • 10 Мамыр, 2021

Атырау облысында 2 тонна балық қырылды

1841 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балық шаруашылығы комитетінің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 тонна қаракөз балығы қырылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысында 2 тонна балық қырылды

«Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 9 мамырда рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде Шарон өзенінен шыққан жыра аумағындағы қамыстар арасынан қаракөз балықтарының қырылу фактісі анықталды. Аталған аумақта қырылған шамамен 2 тонна балық жергілікті атқарушы орган және Құрманғазы балық инспекциясының қызметкерлерімен жерге көму арқылы жойылатын болады. Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ау құралдары, тарнспорт пен жұмысшы күші тартылуда» делінген комитет таратқан ақпаратта. 

Балықтардың қырылуына Шарон өзеніне өр суының кеш келуі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабардар етіліпті.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10