Қоғам • 14 Мамыр, 2021

Қазақстанда 8 мыңнан астам теміржолшы вакцина салдырды

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 8 мыңнан астам теміржолшы коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 8 мыңнан астам теміржолшы вакцина салдырды

Ұлттық компанияның мәліметінше, 13 мамырдағы жағдай бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да сегіз мыңнан астам қызметкер COVID-19-ға қарсы екпе алған.

«Екпе қабылдау қарқыны бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері алдыңғы қатарда, ол мекемеде 3 800-ден астам жұмысшы вакцина алды. Магистральдық желі дирекциясында 2,5 мыңнан астам адам, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 600-ге жуық қызметкер вакцинациядан өтті», делінген хабарламада.

Ең белсенді вакцинациялау компанияның Ақтөбе облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласындағы мекемелерінде жүргізіліп жатыр. Осы аймақтардағы ұлттық компания құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейтін мыңнан астам теміржолшы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алған.

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Кеше