Әлем • 21 Мамыр, 2021

«Спутник V» вакцинасы жүкті әйелдерге де салынуы мүмкін

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 жүкті әйелге жүргізілген коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу барысында ауыр асқыну жағдайлары орын алған жоқ. Бұл туралы Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Спутник V» вакцинасы жүкті әйелдерге де салынуы мүмкін

Осыған байланысты, жүкті әйелдерді COVID-19 препаратымен вакцинациялау мүмкіндігі туралы мәселені қарастыруға басымдық берілуде. Себебі жүктілік кезіндегі ауру ауыр ағымның жоғары қаупін тудырады.

Сонымен қатар орталық ғалымдары жүкті әйелдерде вакцинаны қолдану қауіпсіздігін бағалау үшін сүтқоректілерге қосымша клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізді. Жүктілік кезінде вакцина алған жануарлар төлдеді. Жаңа туған жануарларды тексеру нәтижесінде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.

Гамалея атындағы ғылыми орталықтың директоры Александр Гинцбург «Спутник V» вакцинасын қабылдағандардан алынған сарысу Сovid-19 вирусының әртүрлі генетикалық өзгертілген штамдарына тиімділігі бойынша зерттелетінін жеткізді. Зерттеу жұмыстары Италиядағы жетекші еуропалық Микробиология және пульмонология институтында өтеді деп жоспарлануда.

Гинцбургтің айтуынша, бұл жаңа штамдардың пайда болуына байланысты коронавирусқа қарсы вакцинация мерзіміне түзетулер енгізуге қатысты сұраққа ғылыми жауап болады.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03