Аймақтар • 22 Мамыр, 2021

Су көрсеткішін қашықтан қабылдайтын жоба таныстырылды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылорда қаласының  әкімі Ғанибек Қазантаев «Қызылорда су жүйесі» мекемесіне барып, мекеменің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа жобамен танысты. Бұл жоба су өлшегіш құралдарының көрсеткішін қашықтан қабылдауға мүмкіндік туғызып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су көрсеткішін қашықтан қабылдайтын жоба таныстырылды

Осы арқылы мекеме дәстүрлі түрдегі тексерістен инновациялық тәсілге бет бұрады. Жобаны жүзеге асыруға еліміз бойынша радиомодемь арқылы пайдаланылған ауыз судың мөлшерін есептеуді автоматтандыруды жүзеге асырған «Orda Rec» ЖШС көмектеспек. 

Су жүйесі мекемесінің басшысы Марат Жәмиевтің айтуынша заманауи жоба мекеме қызметкерлерінің жүктемесін азайтады. Ауыз суға төлем жасаудағы электрондық тәсіл тұрғындар үшін де тиімді.   

Қала басшысы жаңа жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін өндірісте тексеріп көру керектігін баса айтып, әзірге сынақ режимінде тәжірибеден өткізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше