Қоғам • 25 Мамыр, 2021

Air Astana Минскіге ұшатын рейстер неге тоқтатылғанын мәлімдеді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana Минскіге рейстер неге тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Air Astana Минскіге ұшатын рейстер неге тоқтатылғанын мәлімдеді

«Air Astana 31 мамырда ашылуы жоспарланған Алматы - Минск бағыты бойынша әуе қатынасын тоқтатты. Рейстерді тоқтату туралы шешім 20 мамырда қабылданды, бұл коммерциялық жүктеменің төмендігіне байланысты. Жолаушыларға рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарлама сол күні жіберілді», деді авиакомпанияның баспасөз қызметі өкілдері.

Минскіге ұшатын қазақстандық әуе рейстерінің тоқтап қалғаны кеше, 24 мамырда белгілі болған.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған.

«Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды», делінген әуежай хабарламасында. Кейін бомба қойылды деген ақпарат расталмады. 

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Артынша батыс елдері де болған жайтқа пікір білдіріп, Протасевичті дереу босатуды талап етті.