Аймақтар • 26 Мамыр, 2021

Қызылорда қаласында күзде 680 пәтер пайдалануға беріледі

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Nur Otan партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ғанибек Қазантаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда қаласында күзде 680 пәтер пайдалануға беріледі

Nur Otan партиясының қалалық филиал ғимаратында өткен қабылдауда тұрғындар негізінен коммуналдық, әлеуметтік  мәселелер жайлы айтты.

Тұрғындардың өтініш-тілегін шаһар басшысы мұқият тыңдап, әр азаматқа  жеке уақыт бөлді. Сондай-ақ, қабылдауда көтерілген түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға ерекше назар аударып,  кез келген сауалдың заң аясында жедел шешілуіне басымдық берді. Тиісінше жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, мәселенің шешілуі мен тапсырманың орындалу барысы өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Кездесудегі көп сұрауының бірі баспана жайы. Бұл мәселеде қала әкімі тұрғын үй беру тек қолданыстағы заң аясында реттеліп, кезек ретімен табысталатындығын түсіндіріп, күз айларында сол жағалаудан 680 пәтер мұқтаж азаматтарға кезек ретімен берілетіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше