Тарих • 31 Мамыр, 2021

Батыр анасының ағаштөсегі

456 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел ішінде тарихтың тұңғиығынан сыр шертетін көне жәдігерлер жетерлік. Сондай асыл дүниенің бірі – Қостанай облысы Амангелді аудандық мемориалдық мұражайындағы халық батыры Амангелді Имановтың анасы Қалампырдың ағаштөсегі.

Батыр анасының ағаштөсегі

Бұл жәдігер ХІХ ғасырға тиесілі, оны жасаған адамның есімі белгісіз, сонда да қолы­нан бал тамған шебер ағаш­тө­секті ұлттық нақышпен әсем өр­нектеген. Аталған мұра­жай­дың қор сақтаушысы Кәм­шат Әбжанованың айтуынша, ол өткен ғасырдың 70-жылдары Алматыдағы музейден келген. Оны мұражайға кім тапсырғаны туралы нақты дерек жоқ. Алайда Амангелді атамыздың анасының ағаш­төсегі екен­дігі анық дәлел­денген. Құн­ды жәдігерге екі ға­сырға жуық уақыт болса да жақ­сы сақталған.

1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары Амангелдінің анасы текті жерден шыққан. Ол Бер­­дікей руының ішін­дегі Құл­­мұ­хаммед ишан Арыстан­бай­ұлының әулетінен тарай­ды. Құлмұхаммед ишан 1902 жылы қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы аума­ғындағы Дулығалы деген жер­ден ою­лы қызыл кірпіш­тен еңселі мешіт пен 24 бөл­мелі медресе салдырған. Бұл діни білім ордасы сол ке­зеңде еліміздегі ірі рухани-мә­дени орталықтың бірі болды. Одан бірталай танымал тұлға алғашқы сауатын ашқан. Мешіт пен медресе ишандар әулеті қуғынға түскенше, яғни 1929 жылға дейін жұмыс істеп келген. Дулығалы мешітінің Торғайдағы ұлт-азаттық көте­рілісінде алар орны зор. Халық Амангелдіні көтерілістің бас сардары етіп сайлағанда, ишандар әулеті оны қолдап, батырға батасын берген. Діни ұғымда ел арасында сауа­т ашу, ғибадат айту қызметін атқарғанға бе­рілетін ишандық атақ Құлмұ­хаммед ишаннан бас­тап, оның немересі Қази ишанға дейін жалғасқан. Ұлытау мен Торғай жұрты ишандар әулетін әлі күнге дейін киелі тұқым деп қа­дір тұтады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15