Қоғам • 08 Маусым, 2021

Мемлекет қайраткері Күләш Әскеева 99 жасында өмірден өтті

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеңестік саяси және мемлекеттік қайраткер Күләш Әскеева 99 жасында өмірден озды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет қайраткері Күләш Әскеева 99 жасында өмірден өтті

Әскеева Күләш Әскеқызы - 1921 жылы 3 қыркүйекте Қазақ КСР-інде дүниеге келген. 1939 жылдан бері шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмыстар атқарған. 1939-1976 жылдары Талас ауданының жеті жылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді, Крупская атындағы жеті жылдық мектепті басқарды, кейін Талас аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. Жамбыл облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы және Кеген ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл ауданы партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

Красногор аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, БКП(б) Красногор аудандық комитетінің үшінші, бірінші хатшысы болды.

Кейін Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру Министрінің орынбасары қызметіне кірісті.

Сонымен қатар КСРО Жоғарғы кеңесінің 3-шақырылымының депутаты болып сайланды.

«Күләш Әскеқызы соңғы демі қалғанша көңілді, мейірімді болып қала берді. Өмірді жақсы көріп, айналамдағыларға әрқашан қолдау мен алғыс айта білетін. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы ұжымы Күләш Әскееваның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады»,  деді аурухана қызметкерлері.

 

.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25